7–15 қарашада Алматы қаласында ұйымдастырылған турнирге еліміздің сегіз командасы қатысты. Жарыс қорытындысымен «Қайрат» финалда Астананың «Жеңіс» командасымен кездесіп, 7:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Финалдық кездесуде жеңімпаз командадан Мамай Ыбыраев (15-минут), Ислам Оконешников (28), Ердос Балтабай (29, 34), Әлихан Тұрдыханов (44), Лев Чеканов (47) және Дарын Нүсибелі (56) гол соқты.
Қола жүлде үшін өткен матчта Шымкенттің «Ордабасы» командасы елордалық «Астананы» 5:1 есебімен жеңді.
Турнирдің қорытынды нәтижесі бойынша жүлдегерлер:
1-орын – «Қайрат» (Алматы);
2-орын – «Жеңіс» (Астана);
3-орын – «Ордабасы» (Шымкент).
4-орын – «Астана» (Астана);
5-орын – «Тараз» (Тараз);
6-орын – «Ақтөбе» (Ақтөбе);
7-орын – «Оңтүстік» академиясы (Шымкент);
8-орын – «Елімай» (Семей).
Алматы қаласы
7 қараша
«Қайрат» – «Елімай» 8:0
Голдар: Әлихан Тұрдыханов (2, 32), Владимир Крупнин (12, 18), Мамай Ыбыраев (42, 69), Вишал Шарма (49), Тамерлан Халмуратов (60, пенальти).
Ескерту алғандар: Жансерік Молдалиев (8), Вишал Шарма (43) («Қайрат»).
«Жеңіс» – «Тараз» 0:0
Ескерту алғандар: Нұрғали Қамбар (40) («Жеңіс»).
«Астана» – «Ақтөбе» 2:0
Голдар: Бекнұр Асқар (16), Бексұлтан Мырзағали (62).
Ескерту алғандар: Әлинұр Ешмұхамбетов (70+1) – Әлішер Жеткергенов (25).
«Ордабасы» – «Оңтүстік» 0:0
Ескерту алғандар: Әбілмансұр Тұрсын (65), Ерболат Жарылқасын (70+1) («Ордабасы»).
9 қараша
«Қайрат» – «Астана» 5:0
Голдар: Лев Чеканов (6), Әлихан Тұрдыханов (16, 43), Темірлан Қанатов (48), Нұрали Әубәкір (70).
Ескерту алғандар: Әлім Самат (8), Жігер Жолдыбай (23) («Астана»).
«Ақтөбе» – «Елімай» 3:0 (техникалық жеңіліс)
«Тараз» – «Ордабасы» 0:1
Гол: Әбілмансұр Тұрсын (63).
Ескерту алғандар: Азамат Асланұлы (9) («Ордабасы»).
«Оңтүстік» – «Жеңіс» 2:2
Голдар: Ғабиддин Гуламкайсар (40), Нихат Асқаров (47) – Нұрасыл Тұрсынходжа (3), Арсен Купобай (67).
Ескерту алғандар: Дулат Тойшыбек (21), Сырым Елікбай (67) («Оңтүстік»).
11 қараша
«Қайрат» – «Ақтөбе» 4:1
Голдар: Ердос Балтабай (8), Ислам Оконешников (17), Темірлан Қанатов (61), Лев Чеканов (63) – Дамир Айтенов (50).
Ескерту алғандар: Вишал Шарма (59) («Қайрат»).
«Астана» – «Елімай» 3:0 (техникалық жеңіліс)
«Оңтүстік» – «Тараз» 0:3
Голдар: Нұрислам Аязбай (22), Шерхан Сабек (27, 33).
Ескерту алғандар: Әли Жұмали (6) – Арсен Нұғман (13), Әлинқр Жұмақұл (70+1).
Алаңнан қуылған: Әли Жұмали (58, екінші ескерту алғаны үшін) («Оңтүстік»).
«Жеңіс» – «Ордабасы» 3:1
Голдар: Арсен Купобай (5, 10, 38) – Руслан Джурабеков (63).
Ескерту алғандар: Сұлтанәли Игілік (35) – Азамат Асланұлы (2), Асанали Абдуохаб (70).
13 қараша
Жартылай финалдар
«Қайрат» – «Ордабасы» 5:0
Голдар: Ердос Балтабай (10, 32), Темірлан Қанатов (29), Лев Чеканов (46), Әлихан Тұрдыханов (65).
«Жеңіс» – «Астана» 0:0 (пенальти сериясы – 2:1)
Ескерту алғандар: Сұлтанәли Игілік (37), Нұрасыл Тұрсынходжа (55) – Бекнұр Асқар (33), Әлім Самат (37), Жан-Әли Ермағамбетов (70).
5–8 орындар үшін
«Тараз» – «Елімай» 3:0 (техникалық жеңіліс)
«Ақтөбе» – «Оңтүстік» 2:1
Голдар: Айдос Сарманов (27), Аңсар Жұмағали (63) – Нихат Аскаров (43).
Ескерту алғандар: Батыр Сүлейменов (62) – Райиан Амангелді (32), Шыңғыс Тұрлыбек (62).
15 қараша
5–6 орындар үшін
«Тараз» – «Ақтөбе» 2:1
Голдар: Нұрислам Аязбай (48), Диас Мейірхан (50) – Аңсар Жұмағали (67).
7–8 орындар үшін
«Оңтүстік» – «Елімай» 3:0 (техникалық жеңіліс)
3–4 орындар үшін
«Ордабасы» – «Астана» 5:1
Голдар: Билол Лутфуллаев (9, 29), Мейірман Ордабек (12), Бектөре Пернебай (33), Руслан Жорабеков (47) – Әлім Самат (45).
Финал
«Қайрат» – «Жеңіс» 7:0
Голдар: Мамай Ыбыраев (15), Ислам Оконешников (28), Ердос Балтабай (29, 34), Әлихан Тұрдыханов (44), Лев Чеканов (47), Дарын Нүсібелі (56).
Ескерту алғандар: Владимир Крупнин (70) – Арлан Қайыржан (27), Қамбар Нұрғали (41).



