Әйелдер футболы7 қараша 2024

Қазақстан әйелдер құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Швейцарияның Ньон қаласында 2024/25 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы «С» Лигасының 3-тобына Люксембург, Армения және Лихтенштейн құрамаларымен түсті.

УЕФА Ұлттар лигасы 2025 жылдың ақпан айында басталады. Ойын кестесі кейінірек жарияланады.