Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы C лигасының C6 тобына түсті. Топтағы қарсыластарымыз – Армения және Черногория ұлттық құрамалары.
Топтық кезең аясында қазақстандық команда төрт кездесу өткізеді: екі ойын өз алаңында және екі ойын сырт алаңда.
Қазақстан құрамасының матчтар кестесі:
2027 жылғы 2 наурыз: Армения – Қазақстан
2027 жылғы 20 сәуір: Қазақстан – Армения
2027 жылғы 24 сәуір: Қазақстан – Черногория
2027 жылғы 11 маусым: Черногория – Қазақстан
Турнир қорытындысы бойынша топ жеңімпазы B лигасына көтерілу мүмкіндігіне ие болады.



