Іріктеу кезеңінің бірінші раундындағы A7 тобының турнирі 2026 жылғы 28 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Хорватияның Загреб және Карловац қалаларында өтеді. Турнирге Хорватия, Франция, Бельгия және Исландия құрамалары қатысады.
Татьяна Сорокопудова мен Наргис Мағау турнирдің үш матчында қызмет атқарады. Сорокопудова бас және төртінші төреші, ал Магау көмекші төреші міндеттерін атқарады.
Әйелдер төрешілігін дамыту — Төрешілік департаментінің негізгі басымдықтарының бірі. Әйел төрешілерді оқыту, техникалық даярлау, төрешілік сапасын талдау және халықаралық тәжірибе жинақтау арқылы олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде.
Бұл халықаралық тағайындаулар Қазақстандағы әйелдер төрешілігін дамыту жолындағы кезекті маңызды қадам болып табылады және Төрешілік департаментінің жүйелі жұмысының нәтижесінде қол жеткізілген ілгерілеуді көрсетеді.
Әйел төрешілердің санын арттыру, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ халықаралық тағайындаулардың санын көбейту және деңгейін жоғарылату қазақстандық төрешілікті одан әрі дамытудың маңызды мақсаттары болып қала береді.



