Әйелдер футболы22 қыркүйек 2025

Қазақстан әйелдер құрамасы Әзербайжанмен жолдастық матч өткізеді

Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы қазан айында Әзербайжан W құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.

Матчтар 24 және 27 қазан күндері Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.

Бас бапкер Мадияр Кембілов бастаған ұлттық құрама 15 қазан күні Шымкенттегі БИІК базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының матчтар күнтізбесі:

24 қазан 2025 жыл | 19:00

Қазақстан W – Әзербайжан W

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Шымкент

27 қазан 2025 жыл | 14:00

Қазақстан W – Әзербайжан W

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Шымкент