Бегайым Қырғызбаева бас бапкер қызметіне тағайындалғаннан соң алғашқы матчында Арменияны жеңді. Ойын «Астана Аренада» өтті.
Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан Александра Бурова, Анелья Мамырова мен Бибігүл Нұрышева көзге түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Келесі ойында 7 наурыз күні Астана қаласында Беларуське қарсы өткіземіз.
Қазақстан W – Армения W – 3:0
Голдар: Бурова 35, Мамырова 76, Нұрышева 79
Қазақстан W: Портнова (Қ), Бурова, Власова, Нұрышева, Низамутдинова (Сұңқарова 86), Хайрулина, Жұмабайқызы (Шустова 74), Бабшук (К), Гайстенова (Тучина 74), Берікова (Мамырова 62), Бибосынова (Тұрлыбекова 62);
Қосалқы құрам: Исмайлова (Қ),Зейнали (Қ), Бекқожина, Рахатжан, Абдулаева, Алданазар, Сатығалиева.
Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева
Армения W: Кеворкян (Қ), Харутунян (Казанчан 64), Карагезян, Газарян, Вартанян, Даллакян, Казанджан, Нерсесян (Хачатрян 38), Артин (К) (Костанян 85), Асатрян, Пизлова.
Қосалқы құрам: Погосян (Қ), Саядян, Мовсесян.
Бас бапкер: Артак Адамян
Төрешілер: Лоррейн Уотсон, Викки Робертсон, Виктория Рейлли, Лорен Уайтхед (бәрі – Шотландия).
3 наурыз, 2026. «Астана Арена», Астана.



