Әйелдер футболы6 тамыз 2026

Қазақстан WU-15 құрамасының УЕФА Даму турниріне қатысатын құрамы белгілі болды

15 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Шымкент қаласында өтетін УЕФА Даму турниріне қатысады. Жарыста Қазақстанмен қатар Ресей, Беларусь және Әзербайжан құрамалары бақ сынайды.

Матчтар 12, 14 және 17 тамыз күндері Шымкенттегі «БИІК» спорт кешенінде өтеді. Юлия Мамонова бастаған ұлттық құрама 4 тамыз күні дайындық аясында оқу-жаттығу жиынын бастады.

Қазақстан WU-15 құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Аружан Сағиева («Ертіс»), Милана Ярмоленко («Тобыл»), Седа Мищенко («Шахтер»);

Қорғаушылар: Самира Амангелдиева, Ксения Валеева, Кәусар Әскербай (барлығы – «Шахтер»), Диана Мәуленқызы, София Молдавчук, Айзада Ыбырай (барлығы – «Қайрат»), Әдемі Орынбасарова («Жетісу»), Анна Харченко («Ақтөбе»);

Жартылай қорғаушылар: Айнара Биғамбаева («Атырау»), Анна Дизендорф, Камилла Ищанова, Мария Мамонтова (барлығы – «Шахтер»), Ева Мустафина, Дария Тасырхан (екеуі де – «Қайрат»), Махаббат Нұрмахан («Астана»), Алтынзарх Шушеначева («Тараз»);

Шабуылшылар: Іңкәр Әжібай, Анель Керебек (екеуі де – «Ордабасы»), Алиса Куропатенко («Қайрат»), Дарья Огнева («Шахтер»), Әлия Самат («Ақтөбе»), Гүлден Сенбі («Астана»).

Бапкерлер штабы: Юлия Мамонова – аға бапкер, Татьяна Ткач – аға бапкердің көмекшісі, Әнел Елеусізова – дене даярлығы бапкері, Назерке Абулхасенова – қақпашылар бапкері, Жаслан Кәденов – дәрігер, Гүлнара Закирова – массажист, Ренат Шайхесламов – видеосарапшы, Серік Жугралин – менеджер, Жанел Демежанова – әкімші.