Әйелдер футболы1 қыркүйек 2026

Zhuldуz League және Umit League финалдық турларының күнтізбесі бекітілді

Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы маусымдағы қыздар командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының Zhuldуz League және Umit League финалдық турларының күнтізбесін бекітті.

2010-2011 жылы туған қыздар арасындағы Zhuldуz League финалдық туры 4-10 қазан аралығында өтеді. Командалар чемпионаттағы қазіргі орындарына қарай үш топқа бөлінеді.

1-4 орындар үшін матчтар Таразда өтеді. Бұл топта «Тараз», «Каспий», «БИІК-БЖСМ №17» және «Атырау» командалары ойнайды.

5-8 орындар үшін ойындар Өскеменде өтеді. Топ құрамында «Елімай», «Тұран», «Жетісу» және «Алтай» командалары бар.

9-13 орындар үшін матчтар Петропавлда 4-14 қазан аралығында өтеді. Бұл топта «Жеңіс», «Жас-Қыран», «Оқжетпес», «Қызылжар» және «Ұлытау» командалары бақ сынайды.

2014-2015 жылы туған қыздар арасындағы Umit League финалдық туры 4-12 қазан аралығында ұйымдастырылады.

1-6 орындар үшін матчтар Алматыда өтеді. Жүлделі орындар үшін «Астана», «Қайрат», «Шахтер», «Елімай», «Ақтөбе» және «Атырау» командалары таласады.

7-12 орындар үшін ойындар Павлодарда өтеді. Бұл топта «Тобыл», «Жеңіс», «Ертіс», «Жетісу», «Тараз» және «Каспий» командалары өнер көрсетеді.

13-18 орындар үшін матчтар Қызылордада өтеді. Топ құрамына «Қызылжар», «Тұран», «Қайсар», «Ұлытау», «Алтай» және «Ордабасы» командалары кіреді.