Бірінші таймда қазақстандық команданың қақпасына бес доп соғылды: Мустаки, Мерфи және Ларкин көзге түссе, Каруса дубль авторы атанды. Кездесудің екінші жартысында ирландиялық футболшылар тағы үш гол соқты – Финн, Хопкрофт және Стэплтон мергендік танытты. Құрамалар арасындағы қарымта матч 13 қазанда Ирландияда өтеді.
Қазақстан W – Ирландия W – 0:8
Голдар: Каруса 7, 28, Мустаки 16, Мерфи 44, Ларкин 45+3, Финн 58, Хопкрофт 73, Стэплтон 90
Ескерту: Норбаева 90+3
Алаңнан қуылды: Мясникова 30
Қазақстан W: Исмаилова (Қ) (Портнова (Қ) 39) – Власова, Нұрышева, Мясникова, Бурова – Бабшук, Низамутдинова (Норбаева 62), Жұмабайқызы (Попова 75) – Гайстенова, Бибосынова (Осипова 75), Тұрлыбекова (Садықова 75);
Қосалқы құрам: Зейнали (Қ) – Шустова – Набокова, Рахатжан, Сатығалиева – Тян, Мамырова;
Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева.
Ирландия W: Броснан (Қ) – Стэплтон, Хейс (Нолан 70), Паттен (Хопкрофт 70) – Мустаки, Конноли (Толенд 46), Финн, Мэннион – Ларкин, Каруса (Барретт 46), Мерфи (Кирнан 46);
Қосалқы құрам: Молони (Қ), Уайтхаус (Қ) – Клэнси – Пейн, Куинн;
Бас бапкер: Карла Уорд.
Төреші: Каролина Мари Йенсен (Норвегия)
Төрешінің көмекшілері: Моника Локкеберг (Норвегия), Лине Нюмоэн (Норвегия)
Қосалқы төреші: Фатима Зангене (Норвегия)
VAR: Мариус Лин (Норвегия)
AVAR: Франциcка Вильдфойер (Германия)
9 қазан, 2026 жыл. «Астана Арена» стадионы, Астана.



