Қатысушылар Playmakers бағдарламасының құрылымымен танысып, оқыту әдістемесінің негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, «Әңгіме арқылы үйрету өнері», сондай-ақ оқыту ортасын қалыптастыру, Ego-oriented және Task-oriented тәсілдері тақырыптары қарастырылды.
UEFA Playmakers бағдарламасы Disney әңгімелерінің желісі арқылы 5-12 жас аралығындағы қыздарды футболға тартуға және олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған, Диснейдің танымал анимациялық фильмдерінің сюжеттері негізінде әзірленген жоба. Бағдарламаның басты мақсаты – балалардың футболға деген қызығушылығын ояту, ойын арқылы спортқа тарту және олардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
Бұған дейін UEFA Playmakers бағдарламасы Павлодар, Семей, Көкшетау, Қарағанды және Алматы қалаларында ұйымдастырылды. Енді Қостанай және Петропавл қалаларында өтеді.



